ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2021 | 10:29
Павлодарда кісі өлтіру оқиғасын видеоға түсірген адамды да жазалау талап етілді
Павлодар тұрғыны Андрей Шиллер бұрынғы жұмысына жалақысы бойынша қарызын сұрауға келгенде жұмыс берушісі мылтығы бар 55 жастағы танысын шақырып, оны ұрып жатқанда ештеңе деместен болған оқиғаны видеоға түсірген. Енді жігіттің жақындары іс бойынша куәгер саналатын видео авторын жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ирбис TV-ге сілтеме жасап.

Оқиға 2020 жылдың қыркүйегінде болған. Қаза тапқан жігіттің ағасы Александр Коваленко 27 жастағы Андрей Шиллердің өткен жазда Павлодарда күл үйінділерін өңдейтін жерде жұмыс істегенін айтты. Ұзақ істемеген, жұмыстан шығарда 20 мың теңгесі төленбегенін есептеп, бұрынғы жұмыс берушіге барған. Алайда ол 55 жастағы "ғимарат иесін" көмекке шақырып, ол мылтықпен келіп, Андрейді ұра бастаған. Ал жұмыс беруші бәрін телефон камерасына түсірген.
Қылмыстық істе сол видео бар. Ақпарат бойынша, жалақы алуға келген Андрей Шиллер ақырында жұмыс берушіден оны жіберуді сұрай бастаған. Алайда оны атып тастаған.
Айып тек мылтықпен жүрген 55 жастағы ер адамға тағылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды, бірақ жәбірленушілер оны прокурорларға қайтаруды талап етті.
"Бәрін камераға түсіріп, кісі өлтіруге итермелеген және оны жалпы ұйымдастырған адамның жауаптан қашып, бостандықта жүргеніне ашулымын", - дейді Александр Коваленко.
Андрей Шиллердің туыстары видео авторын қылмыстық жауапқа тартуды және оны жай куәгер деп санамауды талап етеді. Ал 55 жастағы ер адамға бұзақылық ниетпен кісі өлтіру дерегі бойынша айып тағылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также