09 маусым 2022 11:25

Павлодарда қылмыстық-атқару жүйесі мекеме бастығының орынбасары сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: polisia.kz

Павлодарда қызмет бабын асыра пайдаланған мекеме бастығының орынбасарына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда қызмет бабын асыра пайдаланған мекеме бастығының орынбасарына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

№2 қалалық соты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралған. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы өзінің қызметін пайдаланып, сотталған адамның жазасын өтеу режимін жеңілдеткені және шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға көмектескені үшін 400 мың теңге мөлшерінде ақшаны алдап, иемденген. 

Реклама
Реклама

"Прокурор соттан айыпталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруды, ал жәбірленуші айыпталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сондай-ақ, айыпталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады", - дейді баспасөз қызметі өкілі.

Басылым мәліметінше, мұндай әрекет үшін заңда айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айыпталушы бұрын сотталмаған, өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушіге 400 мың теңге көлемінде ақшасын қайтарған. Оның үш кішкентай баласы бар.

Жағдайды жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай анықталмауына, кішкентай балаларының болуына және жәбірленушіге келтірілген залалды өтеуіне байланысты сот айыпталушыны 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, айыпталушы "Әділет подполковнигі" арнаулы атағынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram