ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2021 | 13:34
Павлодарда медицина қызметкерлері жалған вакцинация құжатын жасады деген күдікке ілінді
Павлодарда медицина қызметкерлері жалған вакцинация құжатын жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда медицина қызметкерлері жалған вакцинация құжатын жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Портал мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысы ПД полиция қызметкерлері Павлодар облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп вакцинация паспорттарын қолдан жасады деген күдікпен Павлодар қаласының емханаларының бірінің медицина қызметкерлерін ұстады.
"Меңгеруші, жалпы практика дәрігері, сондай-ақ осы емхананың екі мейірбикесі белгілі бір қаражатқа вакцина салдырғандардың деректер базасында жалған тіркеу жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысында медицина қызметкерлері 200-ден аса жалған вакцинация паспортын жасағаны анықталды", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 385-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. істің мән-жайы анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также