Павлодарда мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізушіге рақымшылық жасалды

Қайтыс болған Мейрам Шағыров

Павлодарда мектеп о?ушысын ?а?ып ?лтірген ж?ргізушіге ра?ымшылы? жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотта 23 жаста?ы Ерм??ан Сызды?ов?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, ол жол-к?лік о?и?асын жасап, бір адамны? ?аза болып, екіншісі жара?ат алуына себепкер бол?ан. 

Павлодарда мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізушіге рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотта 23 жастағы Ермұқан Сыздықовқа қатысты сот үкімі шықты, ол жол-көлік оқиғасын жасап, бір адамның қаза болып, екіншісі жарақат алуына себепкер болған. 

"Сот айыпталушыны осы қылмыстық істе кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Алайда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық заңына сәйкес, судья осы адамның негізгі жазасын өтеуден босату туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес Сыздықов көлікті басқару қығынан бес жылға айырылады", - деп оқыды үкімді Павлодар қаласының № 2 сотының судьясы Жанат Тұрлыбаев. 

Қылмыстық істің барысында қайтыс болған баланың ата-анасы айыпталушыдан 10 миллион теңге талап етті. Сот бұл сұранысты қанағаттандырып, сотталушыны екі миллион теңгеден бөліп төлеуін міндеттеді.  

Реклама
Реклама

Қайтыс болған баланың ата-анасы осы адамға рақымшылық заңы қолданылатынына қарсы. "Біздің ойымызша, бұл әділетсіздік. Тергеу шаралары бір жылдан аса уақытқа созылды, сот үш айға созылды. Арнайы осы рақымшылық заңын күткендей. Апелляциялық шағым түсіретін боламыз, әділдік орнауы үшін және ұлымыздың естелігі үшін", - деді баланың әкесі Таңат Шағыров. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама