ПОДЕЛИТЬСЯ
27 тамыз 2021 | 09:17
Павлодарда мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан екі адам ұсталды
Павлодарда 17 миллион теңгенің жанармайын ұрлығын екі адам ұсталды. Күдіктілерді қылмыс үстінде ұстау дрон көмегімен түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда 17 миллион теңгенің жанармайын ұрлығын екі адам ұсталды. Күдіктілерді қылмыс үстінде ұстау дрон көмегімен түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жанар-жағармай өнімін жымқырды деген күдікпен топтағы адамдардың қылмыстық әрекетін әшкереледі.
"Жоғарыда аталған адамдар Павлодар қаласының автожанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын Павлодар қаласының бір ұйымының қызметкерлері болып шықты. Күдіктілер алдын ала дайындалған сызба бойынша, соның ішінде тасымалданатын отынды жеткізу және құюмен айналысқан", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады. Алдын ала келтірілген шығын шамамен 17 миллион теңгені құрады. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты "ешқайда шықпау туралы" қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также