20 ақпан 2023 | 14:42

Павлодарда өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырған астаналық ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Павлодарда өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырған астаналық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырған астаналық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ Павлодар қаласының полицейлері жол жүру ережесін бұзды деген күдікпен Lexus жүргізушісін тоқтатып, оның Астана қаласының тұрғыны екенін, ол Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткенін айтты.

"Ер адам жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның көрсеткен құжаты полицейлерді қызықтырып, оны тексергенде құжаттың жалған екенін анықтаған", - деді ІІМ брифингте.

Реклама
Реклама

Полицейлер көрінеу жалған құжат пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Павлодар облысының Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бойынша соталды тергеуді бастады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заңға бағынуға және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная