ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2022 | 09:28
Павлодарда полицейлермен жарыс ұйымдастырған 17 жастағы студент жазаланды
Павлодарда 17 жастағы колледж студенті жеке көлігімен полицейлермен жарысып, бірден жеті құқық бұзушылық жасаған. Кәмелетке толмаған студентке қатысты бірнеше хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда 17 жастағы колледж студенті жеке көлігімен полицейлермен жарысып, бірден жеті құқық бұзушылық жасаған. Кәмелетке толмаған студентке қатысты бірнеше хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар қаласын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері түн ортасында Назарбаев даңғылы мен Жаяу Мұса көшесінің қиылысынан BMW көлігін байқаған.
Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтатқанын елемей, Кенжекөл ауылына қарай бағыттаған. Бірақ автоәуесқой полициядан құтылмады.
"Көлік жүргізушісі қала колледжінің 17 жастағы кәмелетке толмаған студенті екені анықталды, сәйкесінше оның жүргізуші куәлігі де жоқ",- деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Ведомство өкілі кәмелетке толмаған студентке қатысты жалпы жеті хаттама толтырылғанын да айтып өтті.
Құқықсыз көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағанына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, полициядан жасырынуға тырысқан студент жол қозғалысының басқа да ережелерін бұзған. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК 1-бабы 599-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту), ҚР ӘҚБтК 230-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзу), ҚР ӘҚБК 590-бабы 9-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу ), ӘҚБтК 606-бабы 1-бөлігінде (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) көрсетілгендей жолда апаттық жағдай тудырып, жол қозғалысының басқа қатысушыларын қозғалыс бағыты мен жылдамдығын күрт өзгертуге мәжбүр еткен.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына да ҚР ӘҚБтК 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша жауапкершілікке тартылды.
"Жасөспірімнің отбасымен мұндай мінез-құлықтың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді Сарғұлов.
Көлік тұраққа қойылды. Полиция бұл көлік екі аптадан кейін 18-ге толатын студенттің өзіне тиесілі екенін айтты.
Айта кету керек, жасөспірімнің ата-анасына төленетін айыппұлдың жалпы сомасы 90 айлық есептік көрсеткіш, шамамен 276 мың теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также