14 тамыз 2018 17:02

Павлодарда полиция қызметкері болып киінген келіншек бөтен адамдардың пәтерін жалға берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция формасындағы келіншек Павлодарда бөтен адамдардың үйін жалға берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Полиция формасындағы келіншек Павлодарда бөтен адамдардың үйін жалға берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полиция қызметкері болып киінген әйел бір күндік үйде жалға алып, бірден ұзақ уақытқа дейін деп хабарландыру берген. Алаяқ әйелдің тұзағына 20 жастағы екі павлодарлық түсіп қалған. Қыздардың айтуынша, Павлодардың орталық ауданында жалға берілетін пәтер туралы olx.kz сайтынан көрген. 

"Бізге пәтерді сатқан келіншек Айнұр болып танысып, полиция қызметкерінің формасын киіп алған. Кездескенімізде ол бізге шұғыл түрде қызметке кетуі керектігін айтып, жарты сағат ішінде 60 мың теңге төлеу керектігін ескертті. Айтылған уақыты бойынша біз келіп, шартқа қолымызды қойдық. Алайда пәтерде бөтен адамдардың киімдері, баланың заттары болғаны бізді алаңдатты. Бірақ, келіншек бізге бүгін пәтерді босататын адамдардың заттары екенін айтты. Әйелдің өзі бізге өте жылу көзқарас танытты", - деді зардап шегушілер. 

Қыздар бұл пәтер айлап емес, бір күндікке жалға берілетінін білген кезде ғана тұзаққа түскенін аңғарған. Сол кезде  әйел қыздардың құрбысына дәл сол пәтерді 60 мың теңгеге өткізейін деп жатқанын көріп қалып, әйелдің өтірігі анықталған. 

"Бұл пәтердің иесінен Айнұр жалға екі күнге алғанын білдік. Онымен бірге дене бітімі тығыршықтай ер адам бар болды. Бір күн өткеннен кейін пәтердің иесіне біраз күнге дейін кідіріп қалатынын айтып, қоңырау шалған. Полицейлер бұл келіншек пәтер алаяғы екенін айтты және оны тек Павлодарда ғана іздеймейді екен", - деді қыздардың бірі. 

Дәл осы әйелдің тұзағына басқа адамдар түсіп қалмауы үшін қыздар әлеуметтік желіде алаяқ әйелдің суретін жариялап қойған. Әйелдің құжаттарын тексеру барысында өзінің шынайы атын айтқаны анықталды. 

Облыстық полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде күдіктіні іздеу әлі жалғасып жатыр. Айнұр Т. 1984 жылғы екенін және Өскемен қаласында тұрып жатқаны жедел іздестіру іс-шара барысында анықталды", - деді Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жедел ақпараттар бойынша, келіншекті павлодарлық полицейлерден басқа, БҚО полицейлері де іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети