ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2021 | 10:04
Павлодарда RBK банк филиалының басшысы өлі табылды
Павлодарда RBK банк филиалы директорының өліміне қатысты іс тергеліп жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел сегізінші қабаттағы балконнан секірген. Қылмыстық кодекстің 105-бабы "өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда RBK банк филиалы директорының өліміне қатысты іс тергеліп жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел сегізінші қабаттағы балконнан секірген. Қылмыстық кодекстің 105-бабы "өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел 5 қазан күні таңертең өлі күйінде табылған.
"Павлодарда Бектұров көшесі, 50/1 үйде сегізінші қабаттың балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған 1972 жылы туған азаматтың денесі табылды. Аталған факт негізінде ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу" бабының санкциясы үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қайтыс болған 49 жастағы әйелдің Павлодардағы "Bank RBK" филиалын басқарғаны туралы ақпаратты банк ресми түрде растады.
"Bank RBK" АҚ Павлодар қаласы филиалы басшысының мезгілсіз өмірден өткенін хабарлайды. Банк басшылығы мен ұжымы әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Банк тарапынан әріптесіміздің отбасына материалдық көмек көрсетілетін болады. Және істің мән-жайын тергеуге қолдау көрсетеді. Тергеу аяқталғанға дейін банк дәлелсіз ақпарат таратпауға шақырады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также