Павлодарда Роза Рымбаеваның толықтай аттасы ұялы телефон ұрлаған

Павлодарда қазақстандық әнші Роза Рымбаеваның толықтай аттасы танысының ұялы телефонын ұрлап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодардың №2 қылмыстық сотына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материардары бойынша, 33 жастағы әйел танысының үйінде қонақта болып, оның жоқтығын пайдаланып, Samsung Duos маркалы телефонын алып, жасырынған. Шығын көлемі - 10 мың теңге. 

Сотта павлодарлық Роза Рымбаева кінәсін мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты.

Реклама
Реклама

Жәбірленушінің адвокаты сотталушының келтірген шығынды өтеп, тараптардың татуласуына байланысты істітоқтату туралы өтініш беріпті. 

"Ауырлығы орта деңгейдегі қылмыс екеніне, сонымен қатар сотталушының өз ісіне өкінгеніне, тараптардың татуласуына байланысты сот Роза Рымбаеваны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды қаулы етеді, оған қатысты "Тонау" бабы бойынша іс тоқтатылсын", - делінген соттың қаулысында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама