Павлодарда сот төрағасы "абыройсыз ісі үшін" жазаланды

Талғат Тағажай

Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Талғат Тағажай пара алды деп күдікке ілінген тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Талғат Тағажай пара алды деп күдікке ілінген тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы сот алқасының шешімі бойынша Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Т.Б.Тағажай судьяны қызметінен босату түріндегі жазаны қолданып, сот этикасына қайшы жала жапқан құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Сот өкілдері Сот алқасының шешімі негізінде ел Президенті тиіс Жарлық шығарады және судья қызметінен босатылады деп түсіндірді. 

Реклама
Реклама

"Бүгінде мұндай құжат әлі қабылданған жоқ", - деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл көктемде әлеуметтік желіде Талғат Тағажайдың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Артынша ПАвлодар облысы бойынша Антикоррупция қызметі сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Бұл оқиғадан кейін судьяның өкілеттігі тоқтатылған болатын. 

Талғат Тағажай 2018 жылдың мамырында Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Павлодар қалалық сотының төрағасы болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама