27 мамыр 2022 11:21

Павлодарда сүйіктісін қызғанған ер адам клубта төбелес шығарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Polisia.kz.

Павлодарда сүйіктісін қызғанған ер адам клубта төбелес шығарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда сүйіктісін қызғанған ер адам клубта төбелес шығарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26 мамырда таңғы сағат 4.00 шамасында Торайғыров көшесінің бойындағы клубта төбелес шыққан. Тәртіп бұзушылықты Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы камераларды қарау кезінде байқаған.

Белгіленген мекенжайға дереу патруль жіберілген. Оқиға орнына келген полицейлер төбелестің қызғаныштан шыққанын анықтады.

Реклама
Реклама

"Клубқа қыздардың бірі жігітін ертіп келген, бірақ ол бұрынғы жігітінің де осында екенін ескермеген. Осылайша, қыздың бұрынғы жігіті қызғаныштан төбелес шығарған. Ауыр зардап шеккендер жоқ", - дейді Павлодар қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram