27 қаңтар 2020 | 11:56

Павлодарда такси жүргізушісі жолаушыны зорлады: сот үкімі шықты

Павлодарда жас дәрігерді зорлады деп айыпталған такси жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жас дәрігерді зорлады деп айыпталған такси жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ер адамға екі бап бойынша айып тағылды: "Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау" және "Тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп". 

Реклама
Реклама

Сот айыпталушыны жасаған қылмыстық құқықбұзушылықтары үшін кінәлі деп танып, жазаны орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үш жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

Айыпталушы үкімді ести салысымен, кабинаны ұрып, жәбірленушіге тіл тигізді. Айдауыл қызметіндегі үш адам  оны үкім оқығанша  ұстап тұрды. 

Сондай-ақ, сот сотталушыны жәбірленушіге миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді.

Зорлық құрбаны қаладағы емханалардың бірінде дәрігер болып қызмет істейді. Сот ісі жабық түрде өтті. 

Еске салайық, Павлодар қаласының тұрғыны такси жүргізушісінің өзін зорлағаны туралы арыз берген. Ол таксиді қосымша арқылы шақырған. Оқиға болған соң бірден қыз полицияға барған. Сосын төрт ай өткенде іс тоқтап қалғанын білген. Қылмыстық істі жәбірленуші аймақтық полиция департаментінің басшылығына және облыстық прокуратураға жүгінгеннен кейін қайта жандандырды.

Жолаушыны такси жүргізушісі зорлау туралы резонанстық істі тергеуді өңір ПД басшысы жеке бақылауға алды.

Кейінірек полиция өкілдері тергеуді кешіктірген полицейлерге қатысты қызметтік тергеу қорытындысы туралы айтты. 

Павлодарда таксиде зорлау ісі: Тергеуші жұмыстан босатылды


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram