ПОДЕЛИТЬСЯ
11 ақпан 2023 | 14:16
Павлодарда туыстарын пәтер алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Павлодарлық жас "кезектен тыс пәтер алып бере аламын" деп туыстарын алдап, олардың 7 млн теңгесін иеленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарлық жас "кезектен тыс пәтер алып бере аламын" деп туыстарын алдап, олардың 7 млн теңгесін иеленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
2022 жылдың қаңтарында туысымен сөйлескен 27 жастағы павлодарлық "әкімдік арқылы тұрғын үй мәселесін шеше алатынын", кезектен тыс баспана сатып алуға көмектесе алатынын айтқан. Туысқан әпкелері ақшаны депозиттерінен шешіп алып, жетпеген соманы қарызға алған. Оған қоса алтын бұйымдарын да ломбардқа өткізген.
"Олардың бірі күдіктіге 2,5 миллион теңге, екіншісі 4,5 миллион теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін, ер адам уақытты соза түсу үшін әртүрлі сылтаулар ойлап таба бастайды. 6 айдан кейін ол туысының біріне 250 мың теңге қайтарып береді. Қалған ақшаны ол өз қажеттіліктеріне жұмсаған", - делінген хабарламада.
Біраз уақыттан кейін туыстары алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.
ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также