Павлодарда үш жігіт қапырықтан сауда үйінің төбесінде ұйықтаған

© pavlodarnews.kz

Павлодарда 1 Мамыр көшесіндегі сауда үйінің төбесінде қонған үш бозбала ұсталды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Шатырдың үстінде ер адамның жатқаны туралы хабарлама ІІБ операторының "102" пультіне келіп түскен. Облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ауылдық аймақтан жұмыспен келген жастар досының үйінде қонған. Алайда екінші қабаттағы пәтердің іші қапырық болған соң, олар балкон арқылы сауда үйінің төбесіне шыққан. Полиция бөлімшесіне жеткізілген жігіттермен алдын алу шаралары бойынша әңгіме ұйымдастырылды.

Ал, олардың бұл қылығы үшін ата-аналары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы, 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама