19 сәуір 2022 09:17

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі деген күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Павлодарда кәсіпкерлерден 52 миллион теңге бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі болуы мүмкін күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кәсіпкерлерден 52 миллион теңге бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі болуы мүмкін күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктіні 15 сәуірде Павлодардағы Ткачев көшесі бойындағы бассейндердің бірінің маңында Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері мен ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстағаны айтылды.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының бопсалауы" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Жедел уәкілдер ұйымдасқан қылмыстық топтың 54 жастағы жетекшісі топта әрекет етіп, 40 жастағы павлодарлық азаматпен алдын ала келісіп, ЖШС-ның бас директоры мен оның орынбасарына психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып-үркітіп, 52 миллион теңгеден астам қаражатты аударуды талап еткенін анықтады", - деді Павлодар облысы ПД басшысы Василий Скляр.

Айта кетейік, Павлодар облысында жыл басынан бері бопсалаудың алты дерегі тіркелген. Полиция өкілдерінің айтуынша, бәрі анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram