26 қаңтар 2021 16:13

Павлодарда велосипед ұрлағаны үшін 12 жыл бұрын іздеу салынған ресейлік ұсталды

Фото: elements.envato.com

Павлодарлық полицейлер Ресейдің 31 жастағы азаматын ұстады. Ер адам велосипед ұрлығы үшін 12 жыл мемлекетаралық іздеуде болған. Қазір ұсталған ресейлік Павлодардың уақытша ұстау изоляторында отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жас жігіт 2009 жылы Ресейдің Иваново қаласында велосипед ұрлаған. Сол кезде кейін ресейлік әріптестер күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғаған. Іздеу салынған ресейлік 12 жыл бойы полициядан жасырынып келді. Осы уақытқа дейін ол тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп отырған. Ер адам Павлодардың жалдамалы пәтерлерінің бірінде ұсталды", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Реклама
Реклама

Ер адам қамауда отыр.

"Біз іздестіріліп жатқан азаматтың ұсталғаны туралы іздеу салғандарға хабарладық. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деді Қапаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram