Павлодарда жол бойында жыныстық қатынасқа түскен қыз құтылып, жігіт тұтылды

Видео кадрлары

Павлодарда интим видеосының кейіпкері қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодардың әкімшілік сотына сілтеме жасап. Жігіт пен қыз қаланың орталығында жыныстық қатынасқа түскен.

Жұптың даулы ісі сотқа оқиға болғаннан кейін бір ай өткенде түскен. "Павлодар соты ер адамды "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпты деп таныды. Ол 10 күнге қамауға алынды", - деп хабарлады соттағылар.

Соттың мәліметі бойынша, қызға қатысты іс сотқа түспеген. Ол 17 жаста. Айта кетейік, бұл жұп интернетте жыныстық қатынасқа түскені көрсетілген видеодан кейін ұсталған болатын. 

Реклама
Реклама

Сотта 25 жастағы жігіт оқиға кезінде мас болғанын айтты. Қыз болса әлеуметтік желідегі парақшасында мас болғанын және "есін білмегенін" жазыпты.

Еске салайық, "Ғашықтардың" әрекеті түсірілген видеоны Данил Вильгельм есімді қолданушы You Tube сайтына "Лермонтовтағы тәртіпсіздік!!!" деген атаумен жүктеген болатын. Кейін көше бойында жыныстық қатынасқа түскендердің аты-жөндері белгілі болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама