Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам өлі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:instagram.com/pavlodar_city_life

Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінен пышақ жарақаттары бар жас жігіттің денесі табылды. Ер адамды өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінен пышақ жарақаттары бар жас жігіттің денесі табылды. Ер адамды өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жас жігіттің денесі Сәтбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылған.

"3 қазанда сағат 02.25 шамасында Павлодар облысының 20 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу "Адам өлтіру" бабы бойынша жүргізіліп жатыр, күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама