21 ақпан 2021 | 14:57

Павлодарлық "сүйікті әйелдеріне" сыйлық үшін әтір ұрлаған

Видеодан кадр

Павлодарда ер адам сауда орталығының сөресінен "сүйікті әйелдеріне" сыйлау үшін бірден бірнеше әтірді ұрлаған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда ер адам сауда орталығының сөресінен "сүйікті әйелдеріне" сыйлау үшін бірден бірнеше әтірді ұрлаған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрдан сөренің алдында ерлі-зайыптының әтір таңдағанын және кейін ер адам оларды күртешесіне тыққанын көруге болады. Басқа сөренің алдына барып, тура солай жасайды.

Полициядағылар ұрлықтан кейін ер адам мен оның серігі сауда орталығынан кетіп қалғанын айтты. Бірақ павлодарлық ұрлаған әтірлерді сыйлап үлгермепті. Дүкен өкілінің мәлімдемесінен кейін жедел уәкілдер күдіктіні іздестірді.

Реклама
Реклама

"Облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол барлық әтірді сүйікті әйелдеріне бергісі келетінін түсіндірді", - деді Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Жеңіс Жансеркенов.

Полицияның мәліметінше, ер адамның серігі сүйіктісінің мұндай әрекетіне қарсы болмаған. Күдікті жалпы сомасы 100 мың теңге болатын 4 әтірді ұрлаған.

"Ұрлық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Баптың санкциялары мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сегіз жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды, я болмаса үш жылға дейін бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная