13 ақпан 2023 | 10:10

Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы іс-шараларды өткізу кезінде Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткінің ірі партиясын жасырын жерлер арқылы таратты деген күдікті 22 жастағы тұрғынның қылмыстық әрекетін тоқтатты.

"Іс-шаралар барысында полицейлер интернет арқылы шағын пакеттерге оралған есірткі заттарын сатқан және Павлодар аумағындағы жасырын жерге орналастырған қаскүнемнің жеке басын анықтады. Ұстау кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақ заты бар 5 бума табылып, тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша күдіктіден есірткі заттары салынған пакеттер, сондай-ақ оларды буып-түюге арналған заттар тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша ұсталған адамнан ең қауіпті & – PvP синтетикалық психостимулятор тәркіленді, оның жалпы салмағы 1,4 келіден асады, бұл аса ірі көлем саналады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасылмалдау, жөнелту не өткізу") көзделген қылмыс белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, басқа адамдардың қылмыстық әрекетке қатысы бар екені анықталып жатыр.

"Күдіктіні ұстаудың алдында қажырлы жұмыс қажет, кейде ол өте ұзаққа созылады, қызметкерлер адамның есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екенін дәлелдеу үшін бірқатар іс-шаралар өткізеді", – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Бап санкцияларында көзделген ең ауыр жаза мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная