Педофил деп айыпталған ақсулықтың сотын алқабилер жүргізетін болды

© t-l.ru

Кәмелетке толмағандарды зорлады деп айыпталған Ақсу тұрғынының ісі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмағандарды зорлады деп айыпталған Ақсу тұрғынының ісі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктінің сотын алқабилер жүргізетіні айтылады.

Сот мәліметінше, ер адам бірден төрт бап бойынша айыпталып отыр: 120-бап "Зорлау", 121-бап "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", 287-бап "Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды сатып алу, беру, өткізу және сақтау, тасымалдау немесе алып жүру", 296-бап "Есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау".

Реклама
Реклама

"Іс алдын ала қаралды. Алқабилерді іріктеу тағайындалды", - деді соттағылар.

Айта кетейік, қылмыстық істе барлығы 25 эпизод бар.

Еске салайық, мұның алдында Ақсу тұрғынының екі жыл бойы төрт оқушыға зорлық-зомбылық көрсетіп келгені хабарланған болатын. Полициядағылар зорлықтың 2016-2018 жылдар аралығында жасалғанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама