28 қазан 2021 | 07:55

Пенжім ауылындағы жаппай төбелесте жасөспірім зардап шекті

Видео кадры

27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскен. Оқиға орнынан видео Instagram-дағы aqparat.kz парақшасында таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ведомство мәліметінше, төбелеске 9-сынып пен 10-сыныптарда оқитын екі оқушының арасындағы жанжал себеп болған.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі ("Екі немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жанжалдың барлық қатысушысы анықталды. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады полициядан.

Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда", - деп сендірді ведомство.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram