26 ақпан 2014 13:46

Петербург тұрғыны Қазақстан азаматын сабап өлтірді

©РИА Новости

Санкт-Петербургтің 18 жастағы тұрғыны Қазақстан азаматын ұрып өлтірді деп хабарлайды "Росбалт" құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, ұсталған адам - Санкт-Петербургтегі жабық типтегі арнайы кәсіби училищенің оқушысы. Ал 34 жастағы азаматтың денесі 22 ақпан күні қаланың Сланцев ауданындағы пәтерлердің бірінен табылған. Сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес, Қазақстан азаматы басынан, кеудесінен, арқасы мен аяғынан алған соққыдан қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша кәсіби училищенің оқушысы өз пәтерінде Қазақстан азаматымен спирттік ішімдік ішіп, кейін өзара жанжалдасып қалады. Сол кезде қолына ағаш оқтау алып, қонағын өлгенше сабайды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram