13 ақпан 2023 | 16:41

Петропавл мектебіндегі шабуыл: зардап шеккен оқушы тың мәлімет айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Петропавлда мектеп оқушысының балта мен пышақпен жасаған шабуылының мән-жайы белгілі болды. №4 мектептің оқушысы шабуылдан қалай аман қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда мектеп оқушысының балта мен пышақпен жасаған шабуылының мән-жайы белгілі болды. №4 мектептің оқушысы шабуылдан қалай аман қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

"Мен дәретханаға барайын деп есікті ашқанымда 9-сыныпта оқитын оқушы балтамен ұра бастады. Ол мектеп формасын және бетперде киген. Қолында балта мен пышақ болды. Ол менімен қатар 9-сыныптағы бала мен 10-сыныптың қызына шабуыл жасады", - деді Владислав Горбаченко.

Зардап шеккен мектеп оқушысының айтуынша, жасөспірім үнсіз шабуыл жасаған. Барлығы санаулы минуттарда болған.

Реклама
Реклама

Зардап шегушінің анасы Вера Горбаченко баласының басынан, мойнынан және кеудесінен соққы алғанын айтады.

Әйел жасөспірімнің мектепке балтамен еркін барғанына ашулы.

"Ол мектепке сөмкесіне балта салып алып барған. Мектепке кірер кезде оқушылардың сөмкелері тінтілмейді. Балалардың сөмкесін тінтуге ешкімнің құқығы жоқ, мұны өздеріңіз жақсы түсінесіздер", - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазин аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1.14-тармағы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша соталды тергеу басталғанын айтты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ұсталып, онымен полиция жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная