10 шілде 2020 | 17:16

Петропавлда автобус жүргізушісі ұрыны ұстап алды

Сурет: polisia.kz

Оқиға №8 маршрутының соңғы аялдамасында болған. Автобус жолаушыларының бірі салоннан шықпай қалып, жүргізуші сыртқа шығып кеткенде жиналған жол ақыны қолды қылған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқиға №8 маршрутының соңғы аялдамасында болған. Автобус жолаушыларының бірі салоннан шықпай қалып, жүргізуші сыртқа шығып кеткенде жиналған жол ақыны қолды қылған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, шығын сомасы 13 мың теңге. Жүргізуші салонда ізін суытпақ болған бөгде адамды байқап қалып тоқтатқан және полиция шақырған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Реклама
Реклама

Күдікті - бұрын сотталған 39 жастағы қала тұрғыны. Тергеу кезінде оның бұрын автобуста жасалған ұрлыққа қатысы анықталды, қасқөй ол кезде де кабинада жүргізушінің болмағанын пайдаланып, ашық тұрған терезеден ақша жымқырған. Өткен жолы ол шамамен 15 мың теңге олжалаған.

"Автобус маршруттары криминалдық полиция қызметкерлерінің ерекше назарында. 2019 жылғы ақпанда полицейлер мен қоғамдық көлік ұйымы өкілдерінің кеңесінен кейін қалалық маршруттардың басым бөлігінде бейне бақылау камералары орнатылып, олардың көмегімен бірнеше қылмыстың беті ашылды. Бұдан бөлек, "WhatsApp" мессенджерінде жасалған құқық бұзушылықтар, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша полицейлер мен жүргізушілерге ақпаратпен жедел алмасуға мүмкіндік беретін чат жұмыс істейді. Қоғамдық көлік саласының қызметкерлері құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосады", - деді Петропавл қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Қаптаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная