03 қаңтар 2020 | 09:13

Петропавлда әйел мен екі сәби өлі табылды

Петропавлда жаңа жылдың бірінші күнінде жас отбасының мүшелері қаза тапты - әйел мен оның екі баласы. Бұл туралы Петропавловск.news басылымы хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда жаңа жылдың бірінші күнінде жас отбасының мүшелері қаза тапты - әйел мен оның екі баласы. Бұл туралы Петропавловск.news басылымы хабарлайды.

Қайғылы оқиға қала сыртындағы Жұмысшы ауылында жекеменшік тұрғын үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үйдің ішін түтін жайлағанын, алайда ашық өрт болмағанын анықтаған. 

Реклама
Реклама

"Үйден 1991 жылғы әйелдің және 2016 және 2018 жылғы балалардың мәйіті табылған. Отбасы өртенген жанғыш заттан уланған. Жиһаз бен тұрмыстық техника өртеніп кеткен. Өрт аумағы - сегіз шаршы метр", - деді Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өкілі Евгений Журавлев.

Алдын ала болжаммен өрттің шығуына себеп - сымдардың қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Нақты себептерін мамандар айтады. Оқиға болған үйде ведомство мамандары былтыр қазан айында профилактикалық рейд барысында тексерген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная