Петропавлда егде жастағы тұрғынға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

viewings icon 206
comments icon 0

Петропавл полицейлері егде жастағы қала тұрғынына шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері егде жастағы қала тұрғынына шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

3 маусымда сағат 14 шамасында Петропавлдағы орталық көшелердің бірінде белгісіз адам 1955 жылы туған қала тұрғынына шабуыл жасап, оның алтын алқасын алып кетпек болған. Өтіп бара жатқан адамнан қорыққан қаскөй ойлаған ісін жүзеге асыра алмаған. Қала тұрғыны бірден "102" арнасына хабарласқан. Сол күні жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған 36 жастағы Петропавл тұрғыны ұсталды.

Реклама
Реклама

Ақпарат бойынша, тонау жасауға оқталу дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 191-баптары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жалпы, жыл басынан бері СҚО-да 33 тонау дерегі тіркеліп, оның 30-ы ашылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная