Петропавлда ер адам 4 миллион теңге салынған пакетті ұрлап әкетті

Фото: tengrinews.kz

Петропавлда 34 жастағы ер адам әйелдің 4 миллион теңге салынған пакетін ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавлда 34 жастағы ер адам әйелдің 4 миллион теңге салынған пакетін ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға қаладағы сауда үйлерінің бірінде болды. Күдіктінің айтуынша, ол бұл істі жоспарламаған. Ер адам көп ақшаны көргенде шыдай алмай кеткен.

"Мен мас едім. Алдымен қыз өтіп бара жатты. Оның пакетінде ақша толы еді, бір бума ақша алдыма құлады. Осы сәтте ақылымнан алжастым. Мен оның қолынан пакетті жұлып алып, қашып кеттім", - дейді күдікті.

Реклама
Реклама

Ақшаның иесі оның артынан жүгіре жөнеліпті. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің көмекке шақырған даусын патрульдік полиция қызметі естіпті. Олар күдіктінің артынан қуған. Ер адам пакетті лақтыра салған. Оның ішінде 4 миллионнан астам теңге болған.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда 34 жастағы петропавлдық уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама