20 желтоқсан 2021 | 18:20

Петропавлда есірткі сатушы өмір бойына сотталуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Петропавл қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер 29 жастағы интернет дүкенінің иесі, синтетикалық есірткі өндірушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавл қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер 29 жастағы интернет дүкенінің иесі, синтетикалық есірткі өндірушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған азамат пайда табу мақсатында есірткі өндіру мен тарату процесін ұйымдастырған. Ол Петропавл қаласында пәтер жалдап, құрал-жабдықтар сатып алып, оны таратуға есірткіге тәуелді бір отбасылық жұпты тартқан. Интернет дүкен бірнеше ай ғана жұмыс істеген. Ол әлеуметтік желілерді тексеру барысында назарға ілігіп, тоқтатылған.

"Тінту барысында жалдамалы пәтерден таразы, есірткі өндіруге қажет жабдықтар, буып-түйетін материалдар, химиялық реагент, өлшеп-оралған, сатуға дайындалған cпайс және cпайс өндіру үшін пайдаланылатын концентрат тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұйымдастырушыдан үш ұялы телефон, үш қосымша СИМ-карта, есірткіні жеткізу орындары және олардан түскен ақша аударымдары туралы жазбалар алынды. Ұсталғандар бұл дәлелдерді тәркіленген есірткіге қарағанда мұқият жасырған, өйткені олар тыйым салынған психоактивті заттардың сатылғанын дәлелдейді. Заңсыз әрекетке қатысқандар түгел ұсталған. Есірткі құралдарын, психотропты заттарды заңсыз дайындағаны, сақтағаны және таратқаны үшін бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Ірі мөлшерде есірткі сақтау, тасымалдау, өндіру және тарату ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы, ал оларды интернет дүкендер арқылы таратқан жағдайда мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза тағайындалуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная