19 қаңтар 2021 09:06

Петропавлда жігіттер мен полицейдің төбелесі видеоға түсіп қалды

Видео кадры

Петропавлда жатақханада орналастырылған бақылау камерасына екі жігіт пен полицейдің төбелесі түсіп қалған, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда жатақханада орналастырылған бақылау камерасына екі жігіт пен полицейдің төбелесі түсіп қалған, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Видеода жергілікті тұрғындардың шақыруымен келген патруль полицейі келгеннен кейін оқиға қалай өрбігені көрсетілген. Ескі Жаңа жылды қатты шулап қарсы алған екі жігіт полицей келген кездің өзінде тынышталмай, керісінше ашулана бастаған. Нәтижесінде жігіттердің бірі терезенің сынығымен өзін жарақаттаған.  

Реклама
Реклама

Полицейлер өздерін сабырлы ұстаған. Жігіттерді олардың таныстары тыныштандырмақ болған. 

Екі жігіт те ұсталды. 18 жастағы ер адам Петропавл қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram