10 сәуір 2023 | 12:24

Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін қылғындырып өлтіре жаздады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін қылғындырып өлтіре жаздады. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін қылғындырып өлтіре жаздады. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода ер адам аялдамаға жетпей қалып, жүргізушіге шабуыл жасаған.

Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-арнасының мәліметінше, 8 сәуірде сағат 19:30 шамасында Петропавлда 5 "М" бағытындағы автобуста жолаушы қажет аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған.

Реклама
Реклама

Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрғанда ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасқан.

Полиция қызметкерлері осы дерек бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғынын ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады