ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2021 | 09:37
Петропавлда қызға пышақпен шабуылдаған күдікті ұсталды
5 сәуірде Петропавлда көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам қызға пышақпен шабуыл жасаған. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті күдікті ұсталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 сәуірде сағат 18.00 шамасында Жамбыл көшесіндегі үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасады деген күдікпен Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам бұған дейін бірнеше рет сотталған.
СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті Петропавл Полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады. Істің барлық мән-жайын толық және объектив зерттеуге бағытталған тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Бұған дейін Петропавлда көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам қызға шабуыл жасады деген ақпарат WhatsApp желісінде тараған. Оның қолында пышақ болғаны айтылған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также