ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2024 | 16:31
Петропавлда отбасы айуандықпен өлтірілді: прокурорлар пікір білдірді
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлер отбасын айуандықпен өлтіру ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлер отбасын айуандықпен өлтіру ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2023 жылғы желтоқсанның аяғында Петропавлдың Жұмысшылар ауылында жерлеу компаниясының иелері Приходченколар отбасы қатыгездікпен өлтірілді. Одан кейін кісі өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Көп ұзамай полицейлер жерлеу рәсімін жасайтын ірі компания директорының орынбасарын ұстады.
Биыл 28 қазанында сот бір айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру, іс бойынша екінші айыпталушыны 21 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушы әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның әрекетінен өзіне белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламауды ғана көріп, ал арандатушылыққа кінәлі екенін дәлелдемеген.
Марқұм кәсіпкерлердің қызы үкіммен келіпейтінін айтып, өтініш жолдады. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бұған қатысты мәлімдеме жасады.
Прокурлар мәлімдемесі қандай?
"Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Приходченко отбасын өлтіру дерегі бойынша көптеген жарияланым мен түсініктемеге сүйене отырып, кінәлілер адам "E"-ні өмір бойына бас бостандығынан айыруға, "О"-ны 21 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, "С"-ны 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталғанын хабарлайды. "О" және "С"-ға қатысты жазаның жеңіл болуына байланысты облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді. Осыған байланысты 2024 жылғы 12 қарашада облыстық сотқа апелляциялық шағым енгізілді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, айыптаушы тараптың айтуынша, қылмысқа жерлеу қызметі саласындағы ұзақ мерзімді бәсекелестік себеп болған. 2023 жылы қайтыс болған ерлі-зайыптылар жерлеу қызметтерін көрсету бойынша конкурстық тендерлердің басым бөлігін ұтып алған, осы себепті құрылтайшысы сотталған ЖШС-нің табысы азайған. төмендеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также