08 маусым 2022 10:33

Петропавлда салық төлеуден жалтарған тұрғын қылмыстық топ ұйымдастырған

Дина Шарипханова Корреспондент
© Әлихан Сариев

Екінші деңгейлі банктердің қаражатын жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші деңгейлі банктердің қаражатын жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"2018-2020 жылдар аралығында Петропавл қаласының тұрғыны коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей, бақылауындағы коммерциялық компаниялар арқылы жалпы сомасы шамамен 1,4 миллиард теңгеге жалған шот-фактуралар беру мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырып, оны басқарғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мүлкі тәркіленіп, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Реклама
Реклама

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram