ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2022 | 23:39
Петропавлда учаскелік полицей өлі табылды. Жұбайының қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
25 мамырда құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1990 жылы туған учаскелік полиция инспекторының мәйітін тапты. Оның жұбайының қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамырда құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1990 жылы туған учаскелік полиция инспекторының мәйітін тапты. Оның жұбайының қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаза тапқан ер адам Петропавл полиция басқармасында жұмыс істеген.
"Учаскелік полиция инспекторының мәйіті Петропавл қаласының шағын аудандарының біріндегі өз үйінде зорлық-зомбылық белгілерімен табылды. Оның кеуде тұсында жарақат ізі болған. Осы дерек Петропавл қаласының ПБ тергеу бөлімінде сол күні тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері бойынша, яғни кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері.
Прокурордың орынбасары Мұрат Қожамқұлов қылмыс жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес екенін айтып отыр. Тергеушілердің негізгі нұсқасы - жанжал мен дұшпандық қатынастар негізінде жасалған кісі өлтіру.
"Осы нұсқа бойынша жәбірленушінің әйелі осы қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріледі. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған барлық қажетті және шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу қорытындылары туралы қорытынды жасауға әлі ерте. Сот сараптамалары тағайындалады. Қылмыс құралы тәркіленді", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жәбірленушінің артында кішкентай екі баласы қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также