ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2021 | 14:36
Пікір білдіре алмаймын - Тұрғымбаев Аяжан Еділованың өліміне қатысты
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алматылық 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алматылық 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Наурызда Алматы қаласында студент қызды өлтіріп, мәйітін бөлшектеді деген күдікпен ер адам ұсталды. Соңғы шыққан жаңалықтар бойынша, оның зорлық пиғылы болғаны және каннибализм дерегі бар жоғы тексерілуі керек болатын. Бұл туралы не айта аласыз және қазір істі тергеу қай кезеңде?"- деп сұрады Тұрғымбаевтан ОКҚ онлайн-брифингінде.
"Бұл жерде тергеудің егжей-тегжейін айта алмаймын. Біріншіден, іс Алматы қаласының арнайы прокурорлары өндірісінде жатыр. Біз күдіктінің ұсталғанын және осы қылмысты жасағаны әшкереленгенін жарияладық. Сонымен қатар, тергеуде айыпталушының психикалық жай-күйіне күмән туындаған кезде, сот-психиатриялық сараптамасы әрдайым жүргізілетіні туралы алғашқы ақпаратты бердік. Оның нәтижесін Алматы қаласының прокуратура органдарынан біле аласыз", - деп жауап берді министр.
ІІМ басшысы бұл іс қалалық прокуратураның өндірісінде екенін, сондықтан ол түсінік бере алмайтынын, себебі істі егжей-тегжейлі білмейтінін айтты.
19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездесуге кеткені анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров мәлімдеді. Күдікті-1993 жылы туған азамат, Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.
Қылмысқа қатысты мәліметті марқұмның туыстары "НемолчиKZ" қорына айтып берген. Олар жақын қарым-қатынас жасау үшін танысқан деген нұсқаны жоққа шығарды және олар айыпталушыға ең қатаң жаза кесуді сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также