Полицейлер Алматыда жеті секс-притонды анықтады

Полицейлер Алматыда Универсиада ?арса?ында жеті секс-притонды аны?тады, - деп хабарлайды 
Tengrinews.kz ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер Алматыда Универсиада қарсаңында жеті секс-притонды анықтады, - деп хабарлайды 
Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезөкшелікпен айналысатын алты қонақүй мен бір пәтер анықталған. Меншік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оларға қатысты материалдар сотқа жіберілді.

Полицейлер Сейфуллин даңғылының бойындағы "Белая ночь" пен "Нұр" қонақүйлері, Кассин көшесіндегі "Раул" қонақүйі, Клара Цеткин көшесіндегі "Алей", Дулатов көшесіндегі аты көрсетілмеген қонақүйді, Станционная көшесіндегі "Натали" қонақүйі мен Рихард Зорге көшесінде орналасқан пәтерді әшкерелеген.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда полицейлердің Сейфуллин даңғылының бойындағы секс-притондарды үш жылға мөрлеп тастағаны хабарланған болатын. Қонақүйлерге тексеріс жүргізілген кезде оның ішінде жеңіл жүрісті сегіз қыздың болғаны айтылды. Ал тәулік ішінде АІІБ-ге 39 жезөкше жеткізілген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама