Полицейлерге қарсылық көрсеткен BMW жүргізушісінің қанынан есірткі табылды

Полицейлерге қарсылық көрсеткен BMW жүргізушісінің қанынан есірткі табылды Видео кадрлары

Б?гін та??ы уа?ытта полицейлерге ?арсылы? к?рсеткен BMW ж?ргізушісіні? ?анынан есірткі заты табыл?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіндегілерді? айтуынша, ер адамны? ?анынан морфин есірткі затыны? іздері аны?тал?ан.

Бүгін таңғы уақытта полицейлерге қарсылық көрсеткен BMW жүргізушісінің қанынан есірткі заты табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ер адамның қанынан морфин есірткі затының іздері анықталған.

"Сараптамадан қаннан морфиннің бар екенін анықтадық. Жүргізуші "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Іс сотқа жолданады", - деді ІІД өкілдері.

Сонымен қатар, оқиға кезінде инспекторлардың бірінің аяғы жарақаттанғаны белгілі болды. Жүргізуші полиция инспекторын қағу бойынша да айыпты деп танылуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін Алматы қалалық ІІД өкілдері жүргізушіні полицейлердің жолақ ережесін бұзғаны үшін тоқтатпақ болғанын хабарлаған еді. 

"Төле би-Яссауи қиылысында таңғы сағат 8.20 шамасында жол-патрульдік полициясы экипажы жол қозғалысы ережесін бұзған BMW жүргізушісін байқаған. Тоқтау туралы бұйрық берілді, бірақ жүргізуші талапқа мойынсынбай, жылдамдықты арттырды. Сондықтан полицейлер оның артынан қуды. Нәтижесінде ол Яссауи-Шаляпин қиылысында ұсталды", - деп хабарлаған еді қалалық ІІД өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама