ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 сәуір 2017 17:26
Полиция Алматы облысында бейіттерді қиратты деген күдіктілерді тапты
Алматы ма?ында бейіттерді ?иратты деген к?дікпен бірнеше о?ушы ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Алматы маңында бейіттерді қиратты деген күдікпен бірнеше оқушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында Жамбыл ауданының АІІБ-нің қызметкерлері кәмелетке толмаған бес оқушыны ұстады. Олар қылмыстық заңбұзушылық жасады деген негізді күдік бар. Ұсталғандардың барлығы жергілікті мектептің 13-15 жас аралығындағы оқушылары. Бұл жағдай мектеп басшылығына ескертілді", - делінген хабарламада.
Іс бойынша тергеу басталды.
Жергілікті тұрғындардың суреті
5 сәуірде Жамбыл ауданы Қасымбек аулының бірнеше жергілікті тұрғыны жергілікті зираттағы 13 бейітті қиратқандарға қатысты шара қолдану туралы арыз берген.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу