Полиция Ақтаудағы төтенше жағдайға қатысты мән-жайды айтты

Полиция Ақтаудағы төтенше жағдайға қатысты мән-жайды айтты © Lada.kz

Ма??ыстау облысты? ІІД А?тауда 15 ?ырк?йекке ?ара?ан т?ні бол?ан т?тенше жа?дайды? м?н-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, б?л о?и?а А?тау уа?ыты бойынша са?ат 00.50-де бол?ан.

Маңғыстау облыстық ІІД Ақтауда 15 қыркүйекке қараған түні болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл оқиға Ақтау уақыты бойынша сағат 00.50-де болған.

Полицияның мәліметінше, жедел шараларды жүргізу барысында Ақтаудың 46 жастағы тұрғынынан граната табылған. Бірақ ол оқуға арналған граната болып шыққан.

"Оқу гранатасы тәркіленді. Жедел шаралар кезінде ешқандай қару қолданылған жоқ, атыс та болған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу басталды. Жергілікті тұрғында оқу гранатасы қалайша пайда болғанын тергеу анықтайды", - деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін түнде Ақтауда арнайы қызметтегілердің атысқандарды ұстағаны жайлы хабарланған болатын. Куәгерлер төрт адамның төбелесі жайлы, сондай-ақ атыс болғаны және бір адамның ұсталғаны жайлы айтып берген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама