Полиция көлігінің үстіне шығып, селфи жасаған павлодарлықтың суреті пайда болды

Полиция к?лігіні? ?стіне шы?ып, селфи жаса?ан павлодарлы?ты? суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полиция көлігінің үстіне шығып, селфи жасаған павлодарлықтың суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

УАЗдың үстіне шығып алған ер адамды полицейлер суретке түсірген. Жігіт селфиін әлеуметтік желілерде таратпақ болған. 

Реклама
Реклама

"Сот Павлодардың 23 жастағы тұрғынын "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпты деп танып, оны 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деп хабарлады Павлодардың мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері.

Сот қаулысына қарағанда, ер адам Павлодардың орталық көшелерінің бірінде тұрып, "УАЗ" маркалы полиция қызметтік көлігінің капотына, кейін төбесіне шығып алып, суретке түскісі келген және көшедегілерге қарата былапыт сөз айтқан. Сотта ол өз кінәсін толықтай мойындаған. Ұсталған ер адам мас болғанын айтқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама