ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 мамыр 2018 13:33
Полиция мен ҰҚК ОҚО-да 8 адамды ұстады
Полиция экстремизмді насихаттайтын материалдарды таратты деген 8 күдіктінің ұсталғанын хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
"10 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар облыс аудандарында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 азамат ұсталды. ОҚО ІІД-де ҚР ҚК-нің "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Департаменттің Тергеу басқармасы барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіп жатқаны айтылады. Күдіктілер қамауға алынды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу