28 қазан 2022 | 12:11

Полицей төрт қостанайлықты жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп алдаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қостанай облысында полицей алаяқтық жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында полицей алаяқтық жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төрт адамды алдаған полицейдің ісін Қостанай аудандық соты қарады. Іс материалдарына сәйкес, қызметкер бірнеше рет қызметтік жағдайын пайдаланып, жүргізушілерге автодромда емтихан тапсыруға және тәжірибеден өтуге көмектесуге уәде берген. 2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың 31 мамырына дейін полиция қызметкері 441 000 теңге алған. Құқық қорғау органының қызметкері өз кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасасқан.

"Сот іс жүргізу келісімі шарттарына сәйкес, сондай-ақ жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, М.-ны Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2 және 4-тармақтары бойынша кінәлі деп таныды, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 410 000 теңге айыппұл салынды", - деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Шешім қабылдау кезінде жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ескерілген: кінәсін толық мойындау және жасаған ісіне өкіну, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді үлес қосу, мүліктік залалды ерікті түрде өтеу, моральдық және өзге де залалды өтеу, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың болуы. Бірақ оның берген антын бұзу қылмыстық жауаптылықты ауырлатады деп танылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная