Полицейлер Жаңаөзенде дүкен тонағандарды ұстады

Полицейлер Жаңаөзенде дүкен тонағандарды ұстады видеодан үзінді

Жаңаөзенде азық-түлік сататын дүкеннің кассасынан белгісіз біреулер 400 мың теңге ұрлап кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада"

17 мамырда 08:30 шамасында Жаңаөзендегі полиция басқармасына қала тұрғыны келіп, арыз берген. 

Оның айтуынша, бетперде киген белгісіз біреулер дүкен кассасынан 400 мың теңге алып кеткен. 

Жарнама
Жарнама

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бір күдіктіні анықтап ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Жаңаөзен полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді, - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері. 

Құқық бұзушылық дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Еске салайық, осыған дейін Желіде Жаңаөзенде болған дүкен тонау қылмысы түсірілген видео жарияланған еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама