Полицейлер ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

15 мамырда Серебрянск қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тіркелмеген қаруды сақтау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 мамырда Серебрянск қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тіркелмеген қаруды сақтау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қала тұрғындарының бірінен оның жеке секторы аумағында полицейлер тіркелмеген бес тегіс ұңғылы мылтықты, ұсақ калибрлі мылтықтың ұңғысын, үш аңшылық пышақты, сондай-ақ 50-ден аса патронды тәркілеген. ШҚО ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта полицейлер тіркелмеген қарудың қайдан шыққанын анықтап жатқаны туралы түсініктеме берді. Баллистикалық сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өңірде "Қаруды тапсыр" науқаны өтіп жатқанын, оның аясында заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылатыны айтылды.

Реклама
Реклама

Қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әрбір бірлігі оның техникалық күйін ескере отырып республикалық бюджеттен 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі төлем көзделеді. Қаруды тапсыру үшін кез-келген полиция бөліміне хабарласыңыз немесе "102" нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама