09 қазан 2018 | 17:01

Полиция Александр Кузнецовқа іздеу жариялауды сұрады

Александр Кузнецов. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Алматының № 2 Бостандық аудандық сотына Бостандық ауданының ІІБ басшысынан Александр Кузнецовқа іздеу жариялау туралы өтініш келіп түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының № 2 Бостандық аудандық сотына Бостандық ауданының ІІБ басшысынан Александр Кузнецовқа іздеу жариялау туралы өтініш келіп түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Бастапқыда 2018 жылдың 8 қазанына сағат 15.00-белгіленген отырыс 2018 жылдың 10 қазанына сағат 10.00-ге ауыстырылды. Бұдан бөлек, іс материалдарында Кузнецовтың мүддесін қорғайтын ордер көшірмелері болмады. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 4 қазанда Кузнецовқа мемлекеттік қорғаушы тағайындалған болатын.

Мұның алдында 2018 жылдың 2 шілдесінде Кузнецов бостандыққа шыққан болатын - оның өтелмеген бес жыл уақыт мерзімі айыппұлға ауыстырылған еді. Айыппұл сомасы - 1 097 281 теңге.

Бірақ 14 тамызда Алматы облыстық соты бұл шешімді алып тастады. Сондықтан Кузнецов қайтадан колонияға жеткізілуі тиіс болатын.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы 6 наурызда Гоголь көшесінің бойында орналасқан "Чукотка" бары маңында болған еді. Төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланған. Бірінші сатыдағы сот Александр Кузнецовты ҚР ҚК-нің 104-бабында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша колониялық режимде түзету колониясына бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен. Кузнецовтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Жәбірленуші тарап сот шешіміне шағым келтірмейтінін жеткізді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная