Полиция Астанада судьяның ұрланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Midjourney

Полицейлер Астанада судьяның ұрлануы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер Астанада судьяның ұрлануы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады.

"Астана Полиция департаменті Астана тұрғынын бопсалау және ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Соталды тергеп-тексеру мүддесінде қалған ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады полиция Tengrinews.kz тілшісіне.

Реклама
Реклама

Судьяны ұрлау туралы ақпарат Kozachkoff offside Telegram-арнасында пайда болды. Ондағы дерек бойынша, бетперде киген және қаруы бар қаскүнем автотұрақта судьяға барып, оны көлікке күштеп отырғызып, адам жоқ жерге алып кеткен. Судья өз атына несие рәсімдеп, алған 300 мың теңгесін бергені атап өтілген. Сондай-ақ, ұрлықшы сот актісін жою үшін 12 миллион теңге талап етіп, судьяны күшпен қорқытып, содан кейін хабарсыз кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама