Полиция балалар үйі тәрбиеленушілерінің соққыға жығылуына қатысты іске тергеуді бастады
Алматы облысының полициясы ерлі-зайыпты балалар үйі тәрбиеленушілерін соққыға жыққан видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының полициясы ерлі-зайыпты балалар үйі тәрбиеленушілерін соққыға жыққан видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, 27 тамызда Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат түскен.
"Осы ақпарат бойынша ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігі мамандарымен бірлесіп, тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер біраз уақытқа "Солнышко" балалар үйіне тапсырылды", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабында көзделген дерек бойынша жиналған материал сот қарауына жіберілген. Балаларды одан әрі қорғаншылыққа алу немесе одан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!