"Полиция формасы, доллар және оқ-дәрі". Алматыда қару-жарақ жасырылған орын табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 775
comments icon 0
Видео кадры Видео кадры

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған бүлікшілер кінәсін мойындап, ұрланған заттарды жасырған жерді көрсеткен. Бұл жолғы жасырын орын ұлттық парк аумағында, орман белдеуінде орналасқан.

"Тапаншалар, оқ-дәрілер, полиция киімдері салынған пакет кәрізге жасырылған. Үш тапанша, бір жауынгерлік және 15 граната, Макаров тапаншасына 100-ден астам оқ, Калашников автоматына - 107, аңшылық мылтықтан 16 оқ, екі оқ өтпейтін жилет, радиостанция, полиция формасы, камуфляж сөмке, сондай-ақ 2 400 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін. Дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД СИ-18 жедел жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Азамат Аманжолов.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматы маңында қару-жарақ қоймасы табылған болатын. Қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы-Өскемен тасжолының бойында жасырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная